Елімізде тұмау өршіп, жіті респираторлы вируспен ауырып жатқандар көп. Соның кесірінен 13 өңірде оқушылар онлайн оқуға көшкен. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді. Вице-министр 250 мыңға тарта баланың қашықтан білім алып жатқанын хабарлады. Бүгінгі таңда 11,5 жарым сынып оқу процесін онлайн жалғастырып жатыр.
Сондай-ақ вице-министр маска тағу режиміне байланысты пікір білдірді. Ол медициналық мекемелерде маска кию режимі енгізілгенін, алайда бұқара медициналық бетпердені кию кимесін өзі шешеді деп қысқа қайырды.