Елімізде өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің таратқан ақпарына сүйенсек, 2025 жылдың бірінші қарашасында 53 мың жанұя арнайы төлем алыпты. Бұл үшін қазынадан 27,1 миллиард теңге жұмсалыпты. Биыл атаулы әлеуметтік көмекті төлеу үшін бюджеттен 98,4 миллиард теңге қарастырылған.

Атаулы әлеуметтік көмек нені көздейді?

  • Табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
  • Табысы аз отбасылардағы бір мен алты жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Ағымдағы жылдың бірінші  қарашасына АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 88,8 мың балаға 3,4 миллиард теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
  • Жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Атаулы әлеуметтік көмекке қалай алуға болады?

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.