Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай теңіз порты жайлы баяндады. Ақтауда құны 300 миллион долларды құрайтын порт салынбақ. Стратегиялық серіктес ретінде қытайлық «Чжонъюн Интернешнл» компаниялар тобы шығып отыр.
–Жоба "Қытай – Қазақстан – Ақтау – Баку – Поти – Еуропа" жаңа халықаралық көлік дәлізін қалыптастыруға ықпал ететін болады. Оны жүзеге асыру жүктерді жеткізу мерзімін 7-15 күнге қысқартуға, көлік шығындарын 18-25% төмендетуге, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді,– деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.
Қазіргі таңда инвестор компанияны өңірде тіркеп қойыпты. Ол инвестициялық келісімге қол қою үшін құжаттар дайындап жатыр.