Елімізде 24 қарашадан бастап PISA зерттеуі жүргізілмек. Оған елімізде 15 жасқа толған 40 мың жасөспірім қатыспақ. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Осы зерттеуге 33 мектепте білім алатын 1399 батысқазақстандық оқушының қатысатынын облыстық білім басқармасы хабарлады. Бұл халықаралық зерттеу дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылады. Зерттеу барысында оқушылардың оқу сауаттылығы, математика, жаратылыстану ғылымдары бойынша функционалдық сауаттылықтың негізгі дағдыларын бағаланады. Сонымен қатар бұл зерттеу арқылы білім беру ұйымдарына сыртқы бағалау жүргізіледі. Оның нәтижелері оқушылардың оқу үлгеріміне әсер ететін негізгі факторларды анықтауға бағытталған.
— Мектептерге арналған PISA зерттеуі жыл сайын жүзеге асырылады. Дәстүрлі PISA зерттеуінен айырмашылығы, ол әр мектеп бойынша сыртқы бағалау жүргізе отырып, нәтижесінде білім беру ұйымдарының басшыларына оқу орындарының күшті және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік беретін есептер жолданады. Бұл әрбір білім беру ұйымына білім беру процесін жақсартуға ықпал ететін қажетті шараларды қабылдауға көмектеседі, — деп атап өтті білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров.
PISA халықаралық зерттеуі бесінші желтоқсанға дейін жалғаспақ.