Атырауда «Талшын» инклюзивті театры жаңа спектакльді көрерменге ұсынды. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасы мәлімдеді. Жас театрдың репертуары Сұлтанәлі Балғабаевтың «Құдағилар» комедиясымен толықты.
Облыстық мәдениет басқармасының таратқан ақпарына сүйенсек, кештің басты ерекшелігі — жаңа актерлер алғаш рет сахнаға шыққан. Ерекше туынды көрерменнің көңілінен шықты.
Бұған дейін «Талшын» театрының әртістері «Әпке» қойылымын қойған еді. Жаңа премьерадан соң, өнер ұжымы алғашқы поэтикалық кешке дайындалмақ.
«Талшын» инклюзивті театры 2023 жылы Атырауда құрылды. Бүгінгі таңда өнер ұжымында 90-нан астам дамуында ерекшелігі бар жандар қызмет атқарып, шығармашылығын шыңдауда. Атырауда 20-дан волонтер астам инклюзивті театрдың жұмысына жәрдемдесіп келеді.